Ауыл тұрғыны өзі жаратып қойған ақшаны ұрланды деп полицияға өтірік айтқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны үйіндегі қаражатты жаратып қойып, полицияға жалған ақпарат берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар ауданындағы Гүлдала ауылының 33 жастағы тұрғыны полицияға жүгінген. 3 ақпан күні ол үйіне ұры түскенін хабарлаған. Бірақ істі анықтай келе ер азамат жалған ақпарат бергенін мойындады. Ол үйіндегі қаражатты өзі жаратып қойып, үйіне ұры түсті деп ойдан шығарған.

33 жастағы азамат мұндай қадамға үйдегі жанжалдан құтылу үшін барғанын жеткізді.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 419-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Заңға сәйкес, енді күдікті ірі көлемде айыппұл төлейді немесе 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар