+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруда қандай мәселелер туындады – Бердібек Сапарбаев

2021 жылғы 3 тамыз 12:13
Бөлісіңіз:
Ауыл тұрғындарының табысын арттыруда қандай мәселелер туындады – Бердібек Сапарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасында қандай мәселелер туындағанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының үш елді мекені Қазақстанның «30 үздік ауылы» қатарына енді «Ауыл - ел бесігі»: Алғашқы нәтижелер, алдағы жоспарлар мен міндеттер Үкімет басшысы «Ауыл - ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді

Елбасының тапсырмасымен 2019 жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін пилоттық жоба басталған еді.

«Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы 5 бағытта жүзеге асты: бірінші бағыт – үй іргесіндегі жерлерді пайдалану, екінші – мал басын көбейту, үшінші – ауыл сыртындағы жерлерді пайдалану, төртінші – техника беру, бесінші – кәсіп ашуға қолдау көрсету. Соның нәтижесінде 11 ауылдың өзінде 45 мыңнан астам мал сатып алынды, 10 мың гектардан астам жер біріктіріліп, кооператив құрылды, 190 техника алынып, өңдеу, жылыжайлар секілді 11 кәсіп ашылды. Осы жоба нәтижесінде 2 282 кәсіпкер ресми тіркелді, 589 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы бес жылда біздің жобамыз бойынша экономикалық тиімділік ең кемі 14,5 млрд теңгені құрамақ», - деді өңір басшысы Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, аталған жобаны жүзеге асыруда бірқатар мәселелер де туындаған.

«Ең бірінші мәселе – ауыл шаруашылығы өнімдерін сату. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Алқаптан сөреге дейін» жобасы жүзеге асуда. Ол жобаның мақсаты – алыпсатарларды, яғни делдалдарды жою. Біз 4 ірі сауда орталығын анықтадық, оларға 11 сауда қожалығын бекіттік. Олар делдалсыз бағаны 15-20 пайызға төмендетіп, азық-түлік сатады. Оған қосымша ӘКК көмегімен 28 әлеуметтік дүкен аштық, 15-і облыс орталығында, қалғаны аудандарда орналасқан. Онда ең алдымен азық-түліктерді аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға таратамыз. Соның нәтижесінде 6 айдың қорытындысы бойынша республикада азық-түлік бағасы ең төмен өңірге айналдық», - дейді Б, Сапарбаев.

Әкімнің айтуынша, тағы бір өзекті тақырып – жайылым мәселесі болып отыр.

«Бізде 8,6 млн гектар жайылым бар, бір жылда оның бәріне ревизия жасадық, үй іргесінде, ауыл сыртында, орман қорындағы жайылымды есепке алдық. Нәтижесінде 256 мың гектар жайылым қайтарылды, бұл жұмыстарды әлі де жалғастырамыз. Жалпы бізде бір малға есептегенде 9 гектар жайылым бар. Ол әбден жеткілікті, тек тиімді пайдалану керек. Орман қорының жерін пайдалансақ, малды жем-шөппен қамтамасыз етуде еш мәселе болмайды», - дейді өңір әкімі.

Сөз соңында Б, Сапарбаев пилоттық жобаны өзге де ауылдарда жалғастыруды ұсынды.

«Бізде қалған ауылдық округтерде 118 мыңнан астам аула бар, 634 мың тұрғын бар. Біздің ендігі ұсынымыз – осы тәжірибеге сүйене келе, 5 бағытта дамытуды жалғастыру. Бұл жұмыссыздар санын азайтады, өзін-өзі қамтығандарды көбейтеді, еңбек өнімділігі болады. Олар кәсіпкер болып тіркеледі, АӘК алатындар саны азаяды. Ең кемі 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Ауыл тұрғындары бірінші өз мүмкіндіктерін толық пайдаланады, өз отбасын асырайды және қалған өнімді сатып, қосымша пайда табады», - деп түсіндірді Бердібек Сапабаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT