Ауыл тұрғындары үшін жер және баспанаға құқықтарды рәсімдеу жеңілдеуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл тұрғындарына кейбір қызметтерді жеңілдік шарттарымен рәсімдеуге мүмкіндік беру қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелері жөнінде баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу Іс-шаралары жоспарының бірқатар тармақтары әлі де орындалу сатысында.

«Бірінші - тіркелмеген жылжымайтын мүлік нысандарын тіркеу. Іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңінде тіркелмеген жылжымайтын нысандардың саны 88,2 мыңнан 13,6 мыңға азайды.

Тіркелмеген жылжымайтын мүлік нысандарының болуының негізгі себептері мынадай факторларға байланысты: ресімделмеген жылжымайтын мүлік нысандары; меншік иесінің Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуі; құқық белгілейтін құжаттарының болмауы; жеке тұлғалардың құжаттарды ресімдеуге ақшалай қаражатының болмауы және басқалар. Заңнамаға сәйкес әділет органдарының функциясына тіркеу ғана кіретінін айта кеткім келеді. Әділет органдары адамды мемлекеттік тіркеуге жүгінуге міндеттеуге құқығы жоқ. Тиісінше, меншік құқығын ресімдеу кезінде меншік иесі немесе сенім білдірілген адам болуы қажет.

Тіркелмеген жылжымайтын мүлік нысандарының болуы ауылдық округтер бюджеттеріне салықтардың толық түспеуіне әкелуі мүмкін», - деді Тимур Сүлейменов.

Осыған байланысты, министр әкімдерге әділет органдарымен бірлесіп, құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы заңнаманың талаптарын халықтың арасында түсіндіру жұмысын күшейту қажеттігін баса айтты.

«Екіншісі - жылжымайтын мүлікке құқық белгілеу құжаттарын ресімдеу үшін көрсетілген қызметтер құнын төмендету бойынша шаралар.  Қазіргі уақытта, жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу және мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш берушінің шығыстары, жерге орналастыру жобасын әзірлеу мен жер учаскесінің шекараларын белгілеудің бәсекелес ортада болуын ескере отырып, орташа алғанда 26,5 мың теңгені құрайды. Өз кезегінде өтініш берушінің белгіленген тәртіпте пайдалануға енгізілмеген тұрғын үйге құқық белгілеу құжаттарын ресімдеуге жұмсайтын шығыстары орташа алғанда 31,1 мың теңгені құрайды. Бұл қаражатқа бәсекелестік ортадағы эскиздік жобаны дайындау кіреді. Ал сейсмикалық өңірлерде шығыстар 50 мың теңгеден басталуы мүмкін. Осыған байланысты, ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін 1-2 жылдық өтпелі кезеңге аталған қызметтерді жеңілдік шарттарымен ресімдеу мәселесін пысықтауды ұсынамыз. Атап айтқанда: Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, жер учаскесі бойынша; Инвестициялар және даму министрлігіне Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, тұрғын үй бойынша», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар