+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ауыл тұрғындары үшін кеңес беру қызметінің жұмысы жалғасуда

2021 жылғы 11 маусым 17:28
Бөлісіңіз:
Ауыл тұрғындары үшін кеңес беру қызметінің жұмысы жалғасуда

НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - ҚР АҚДМ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» көмегімен «Кеңес» онлайн кеңес беру қызметі «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасын іске асыру аясында 100-ден астам кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері 100-ден астам кеңес берілді, олардың бір бөлігі – кешенді, яғни «umbrella» қағидатына сәйкес әрбір өтініш бойынша 3 - 10 ауыл тұрғындарына көмек көрсетіледі. Кеңес берушілер 2,5 айда ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері бойынша 50-ден астам скрипт әзірледі.

Желілік өзара іс-қимыл ретке келтірілді және қызметтің ережелері жедел пысықталды.

Сонымен қатар 2021 жылдың 3-4 маусымында Қазақстанның 14 аймағынан келген «Кеңес» қызметінің үйлестірушілері Алматыда жаттықтырушыларға арналған тренингте (ЖАТ) кездесті.

Аталған іс-шара барысында сауалнама нәтижелері негізінде ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығының төмен болу себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі құрылды, олар кеңес берумен қатар көптеген адамдарға құқықтары туралы білімдерін нығайуға көмектеседі. Пікірталастар тартысты өтті, әр түрлі тараптардың ұстанымдары қарастырылды: «Мемлекет қандай шаралар қолдануда, азаматтың өзі не істей алады және не істеуі керек».

«ЖАТ» форматы желідегі үйлестірушілердің өзара іс-қимылын сапалы дамытуға мүмкіндік берді.

«Кеңес» онлайн кеңес беру қызметінің міндеттерінің бірі ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылатынын атап өту қажет. Үйлестірушілер алынған ақпаратты қалай қолданғанын, қандай нәтиже алғанын анықтау үшін өтініш берушілерге хабарласып тұрады.

Жобаны іске асыру 2021 жылғы қарашаға дейін жалғасады. Ауыл тұрғындары консультация, қажетті материалдар алуға және өздерінің құқықтық мүмкіндіктері туралы білімін тереңдетуге мүмкіндіктері бар. Кеңес берушілер идеяны жүзеге асырғысы келетін, жеңілдіктерді пайдаланғысы келетін, бірақ қалай және қайда бару керектігін білмейтін тұлғаларға қажетті ақпаратты береді.

Өтініш/сұрақты келесі байланыстар арқылы жолдай аласыз: онлайн кеңес - http://trinta.kz/kenes, whatsapp, дыбыстық пошта +7-707-650-43-80, e-mail: trinta-kz@mail.ru.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT