Ауыл тұрғындары Мәжіліс депутатына ұялы байланыстың жоғын айтты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев жұмыс сапарымен Ақмола облысының Зеренді ауданында болып, Қызылсая ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Сапар барысында Мәжіліс депутаты «Молдашев» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда шаруашылықта қазақтың ақбас сиырлары мен Еділбай қойлары өсіріледі.

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде аграрлық секторды дамыту, жеке мал шарушылығымен айналысу мәселесі көтерілді. Тұрғындар тарапынан бірқатар түйіткілді мәселелер айтылды. Оның ішінде ауыл тұрғындары ұялы байланыстың жоқтығы, Қызылсая және Дөңгілағаш ауылдарын арасындағы жолдың тозғандығы депутаттың назарына алынды.

Сонымен қатар, Владислав Косарев өңірдегі іргелі кәсіпорын саналатын «Altuntau Kokshetau» АҚ болып, кәсіпорын ұжымымен кездесті.






Соңғы жаңалықтар