«Ауыл» социал-демократиялық партиясы сайлауалды тұғырнамасын бекітті

None
None
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада «Ауыл» социал-демократиялық партиясының 18 съезі болып өтті.

Онда съезд делегаттары партияның сайлауалды тұғырнамасын бекітті.

«Біздің партияның мақсаты айқын әрі халыққа түсінікті: еліміздің барлық азаматтарының жоғары өмір сүру деңгейіне қол жеткізу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету. Тұрғылықты мекенжайына қарамастан барлық азаматтардың саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік қорғалуын, халықтық дәстүрлерді сақтау мен дамыту, өмір сапасын жаңа деңгейге арттыру. Осының бәрі әлемдегі социал-демократияның ұстанған берік құндылықтары болып табылады», -делінген тұғырнамада.

Соңғы жаңалықтар