Ауыл шаруашылығындағы сақтандыру тәсілдері өзгереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржыландырудың қолжетімдігін арттыру үшін заң жобасы аясында қолданыстағы қаржы тетіктерін жетілдіру және жаңаларын енгізу көзделген. Қолданыстағы міндетті сақтандыру жүйесі 15 жыл бұрын арнайы заңмен енгізілген, сондай-ақ өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды насихаттауға септігін тигізуі тиіс болатын. Алайда бұл міндет орындалмады, сақтандырылған егістер үлесі жыл сайын төмендеуде. Сақтандыру формалары формальды түрде қалып отыр. Шаруалардың алатын сақтандыру төлемдері ең аз өндірістік шығынды да жаппайды. Осыған байланысты заң жобасы аясында ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйелерінің тәсілдері өзгерді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Бұл ретте міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға, сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға көшу жүзеге асырылады.

«Сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға көшу - агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін сақтандыруға қолжетімділікті арттырады. Өйткені сақтандыру полисі екінші дейгейдегі банктерден қарыз алуғанда қосымша кепілдік бола алады», - деді министр.

Бұдан бөлек С. Омаров несиелік серіктестіктердің қызметін жақсарту мақсатында несиелік серіктестік құрамына кіру және шығу тәртібі жеңілдетілетінін атап өтті. Егер бұрын бұл үшін несиелік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі талап етілсе, ал қазір серіктестікке қатысушыларды қабылдау мен шығару, сондай-ақ оның жарғысын өзгерту жөніндегі құзырет серіктестік басқармасына берілді.

Оның атап өтуінше, ветеринария қызметінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін заң жобасында тиісті қадамдар көзделген.

Біріншіден, жергілікті атқарушы органдардан және кеден органдарынан (автокөлікте бақылау) бақылау-қадағалау функциясын ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосына қайтару жолымен барлық бақылау-қадағалау функциясын бір органға шоғырландыру ескерілген.

Екіншіден, жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметінің вертикалды бағыныстылығын құру жолымен олардың құрылымын өзгерту, яғни ветеринариялық бөлімшелерді аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде өкілдері болу мүмкіндігімен облыс деңгейінде шоғырландыру, сондай-ақ мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды облыстық деңгейге бағынысты ету қарастырылған.

«Жергілікті атқарушы органдарда ветеринария саласындағы іске асыру функциясы қалады, уәкілетті орган ведомствосына барлық кезеңдегі бақылау-қадағалау функциясы беріледі», - деді Сапархан Омаров.

Соңғы жаңалықтар