Ауыл шаруашылығындағы өнімділікті инновациялық технологиялар есебінен көтеру керек - Елбасы

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ауыл шаруашылығындағы өнімділікті инновациялық технологиялар есебінен көтеру керек. Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ауыл шаруашылығында  озық инновациялық технологиялар керек екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, осы орайда  егістерді тамшылап суару технологиясының тиімділігінің арқасында көкөністердің шығымдылығы артып, суды тұтыну көлемі екі есеге төмендейтінін айтып өтті. «Осыны инновация мен еңбек өнімділігі деп атауға болады. Осындай жобалар керек. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында өнімділік деңгейін еселеп өсіруіміз қажет», деді Президент.

 Барша әлемде ауыл шаруашылығы, азық-түлік маңызды мәселелер ретінде белгіленіп отырғандығына тоқталған Елбасы, «осыған байланысты бұл бағыттағы мәселеге біз де назарымызды көптеп бөлетін боламыз», деді.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара жаңадан пайдалануға берілген «Қазақстан» Орталық концерт залында өтіп жатыр.  3,5 мың орынға есептелген бұл мәдени нысан әлемдегі ең ірі залдардың бірі болып табылады. Осы кешенде кинофильм көрсетуге арналған, сондай-ақ мәжілістер өткізуге негізделген залдар жабдықталған. 2005 жылы басталған ғимараттың құрылысын «АФФ «KRUGER HOCH&TIEFBAU GMbH». ЖШС жүзеге асырды. Жобаның сметалық құны 28,3 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрайды.

Соңғы жаңалықтар