USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығында жас ғалымдарға гранттық қаржыландыру енгізіледі

2021 жылғы 3 желтоқсан 12:21
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығында жас ғалымдарға гранттық қаржыландыру енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдан Агроөнеркәсіптік кешендегі ахуалдық талдау орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әділетті мемлекетте әр істің әділетті қаралуы маңызды – Ақылбек Күрішбаев Қызметін бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балаларына грант беріледі Сенатор Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды

«Аграрлық ғылым жүйесінде ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу және оларды коммерцияландыру, дамыған елдердің тәжірибесі бойынша білім таратудың заманауи ұлттық жүйесін құру проблемаларын шешу жұмыстары жүргізіле бастады. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын жаңарту, оқытудың практикалық бағытын күшейту есебінен кадрлар даярлау сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Биыл аграрлық ғылымды 2021-2023 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жыл сайын 8,5 млрд теңгеге дейін жеткізілді (салыстыру үшін 2015-2017 жылдары жыл сайын 4,5 млрд. теңгеден бөлінді)», - деді Е. Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, келесі жылдың басынан бастап министрліктің талдау жұмысын күшейту мақсатында Агроөнеркәсіптік кешендегі ахуалдық талдау орталығы өз жұмысын бастайды.

«Сонымен қатар, жас ғалымдарға салалық гранттық қаржыландыру енгізіледі», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ербол Қарашөкеев саладағы негізгі проблемаларды айтты.

Саланы мемлекеттік қолдау мәселелерінде де елеулі кемшіліктер бар. Ең алдымен, бұл субсидиялау тетіктерінің күрделілігі, субсидия алудың шарттарының көптігі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT