Ауыл шаруашылығында субсидия бөлу ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия бөлу ережелеріне өзгерістер енгізуді ойластырып жатыр. Бұл туралы Аграрлық саясат кеңесінің отырысында вице-министр Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Министрлік агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың 8 ережесіне толықтырулар мен өзгертулер енгізді. Бүгінгі таңда барлық ережелер күшіне енді. Айта кету керек, бекітілмес бұрын, аталмыш ережелер жобасы түрлі алаңдарда қоғамның, агробизнес және өңір өкілдерінің қатысуымен талқылаулар өткен болатын. Дегенмен агроөнеркәсіптік кешеннің кейбір өкілдерінен өзгертілген ережелерге қатысты сауалдар көп туындап жатыр. Сондықтан біз бүгін облыс әкімдіктерінен, үкіметтік емес ұйымдардан және агроөнеркәсіптік кешен өкілдерінің ережелерге қатысты ескертпелері мен ұсыныстарына қайта шолу жасап, оларды талқылау үшін жиналып отырмыз», - деді Айтуғанов.

Оның сөзінше, барлығы 180 ұсыныс түскен. Министрлік бұл ұсыныстардың басым бөлігін қолдап отыр. Қолдау таппаған ұсыныстарға қатысты нақты себептер келтірілген. Мысалы, асыл тұқымды мал шаруашылығына қатысты 41 ұсыныс түскен, оның 11-і министрліктің қолдауына ие болды.

Қалған 30 ұсыныстың қолдау таппауына нақты себептер бар. Оның негізгісі - Қазақстан заңнамасына қайшы келуі.

Соңғы жаңалықтар