Ауыл шаруашылығында импортты алмастыратын жобалар қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы ауыл шаруашылығында түрлі бағыттар бойынша 79 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Импортты алмастыру аясында биылдың өзінде 35 тауарлық сүт фермасын, 2 100 гектар бақ (өндірістік қуаты – жылына 73,5 мың тонна алма), 3 ет комбинатын, 5 құс фабрикасын, балық өндіретін 4 нысанды іске қосу жоспарланып отыр, сондай-ақ 1 қант зауытының құрылысы басталады», - деді министр.

Оның айтуынша, еліміз бойынша 2021 жылы түрлі бағыттар бойынша 79 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ірі 7 экожүйе құру жөніндегі тапсырмаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында қуаты 300 мың тонна болатын дәнді дақылдар, Ақмола облысында қуаты 200 мың тонна болатын майлы дақылдар, Ақтөбе облысында 20 мың тонна, Алматы облысында 15 мың тонна болатын ет өндіретін және өңдейтін экожүйелер құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.


Соңғы жаңалықтар