Ауыл шаруашылығында әлемдік талаптарға сай келетін өнім өндіруге ұмтылған жөн - Шөкеев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданында өткен ауыл шаруашылығына арналған семинар-кеңеске қатысып, дамыған мемлекеттерден қалып қоймас үшін шаруаларға бәсекеге қабілетті болу керектігін атап өтті. Ғалымдармен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әлемдік талаптарға сай келетін өнім өндіруге ұмтылу қажеттігіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті шаруа қожалығының егіс алқабында бас қосқан билік өкілдері мен агроқұрылымдар, ғалымдар бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу – жобасын талқылады.

Облыстың табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып қолға алынған жұмыс нәтижесінде биыл 128 ауыл округінен 5,2 мың га алқаптан бірнеше рет өнім алынған.

2 мыңға тарта шаруа қожалығы осылайша 220 мың тоннаға жуық өнім жинап, гектарынан орташа 5 млн теңгеден табыс тапқан.

«Бұл жобаның келешегі биік, маңызы зор. Нағыз Түркістан облысына арналған жоба екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі. Әр аудан табиғи жағдайға байланысты жұмыс істеуі тиіс. Тиімді де үнемді жаңа технологияларды қолдану арқылы, өнімді арттыру керек. Жаңбырлатып суару технологиясының тиімділігін түсініп, Түркістан төңірегінде, Арыс өңірінде, басқа да аудандар қолданып жатыр. Жалпы жаңа технологияны 11 мың гектар жерге ұлғайту көзделген», – деді облыс әкімі.

Жиында сондай-ақ, әртараптандыру - бәсекелестіктің басты шарты екені айтылды.


Соңғы жаңалықтар