+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылады

2021 жылғы 23 қыркүйек 16:41
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Брекешев: Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандағы климаттың өзгеруі бүкіл Орталық Азияға әсер етеді Президент: 2030 жылға қарай елдегі бидай шығымы 40 пайыз төмендеуі мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Холдингтің еншілес компанияларының санын қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның (АШҚҚҚ) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға (АНК) қосылуы туралы шешім қабылданды.

АНК-ға АШҚҚҚ-ның микробизнесті кредиттеу, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру функциялары және «Дипломмен ауылға» жобасы аясында «Ауылдық ипотека» бойынша агент функциялары, «Даму» қорына – кредиттерді кепілдендіру бойынша АШҚҚҚ функциялары берілетін болды.

Қайта ұйымдастыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге АНК кең филиалдық желісі базасында «бір терезе» қағидаты бойынша кредиттер алуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолданыстағы шарттары сақталады. Отырысқа қатысушылар биылғы жылдың II тоқсанындағы тәуекелдер жөніндегі есепті, сондай-ақ Холдингтің басқармасы, Директорлар кеңесі, Корпоративтік хатшысы және Корпоративтік хатшының қызметі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT