Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынып тасталады - Д.Әбдуәли

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынып тасталады.

Бұл туралы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов бастаған ақпараттық насихат тобының мүшесі аталған министрліктің салық  және  кеден  саясаты департаменті директорының орынбасары Дарын Әбдуәли мәлім етті.

Оның айтуынша, Ұлт жоспарындағы міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде ауыл шаруашылығындағы жерлерді жеке меншікке берудің жаңа механизмін еңгізу мақсатында қабылданған ҚР «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңында ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынып тасталады. 

Бұдан бөлек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 44-45 қадамдарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде салық жүйесін түбегейлі реформалау көзделген.

««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кедендік реттеу туралы» (Салық-кеден кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын әзірлеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-нің, ҮЕҰ-нің және бизнес ұйымдарының өкілдері кірді.

Жұмыс тобы мемлекет үшін де, салық төлеушілер үшін де экономикалық тиімділігін ескере отырып, сатудан алынатын салықты қолданудың әлемдік тәжірибесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізуде, шағын бизнес үшін патент және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін реформалау мәселелері пысықталуда, сондай-ақ қолданыстағы салық жеңілдіктері мен салықтық және кедендік үрдістерін әкімшілендіру тетігіне талдау жасалуда», деді Д.Әбдуали.

Сонымен қатар,  ол заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес салық-кеден кодексінің жобасы тамыз айында Парламентке енгізілетінін де атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар