Ауыл шаруашылығы вице-министрі «ҚазАгро» холдингін басқаратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары «ҚазАгро» холдингін басқаратын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Құрманов Рүстем Жомартұлын таныстырды.

Құрманов Рүстем Жомартұлы - 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимск ауылында туған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық сараптау бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы қызметтерінен бастаған.

2009 жылдан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің басқарма басшысы, директоры қызметтерін атқарды.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, 2015 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры болды.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар