Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдікті несие беру мәселесін пысықтауға кірісті», - делінген Экология министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар