Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдікті кредит беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 150 млрд теңге жеңілдікті кредит беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азықпен қамтамасыз ету мәселесін жүйелі шешу мақсатында Азықпен қамтамасыз ету саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, іске асырылуда. Жол картасы аясында азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауа райы факторларының ауыл шаруашылығы өндірісіне теріс әсерін нивелирлеу мәселесін шешу мақсатында егіншілікті нақты әртараптандыру көзделеді», - деді министр.

Оның атап өтінше, осы жылдың көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу мақсатында министрлік барлық қажетті іс-шараларды қабылдауда. Министрлікте өңірлердегі көктемгі егісті жүргізу жұмыстарын үйлестіру бойынша Жедел штаб құрылды.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «Кең дала» бағдарламасы арқылы 70 млрд теңге көлемінде және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алуы арқылы 80 млрд теңге көлемінде жеңілдікті кредит берілетін болады», - деді Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар