Ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық қылмыстар көбейді – агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлық қылмыс екі есеге ұлғайды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдың жартыжылдығында ауыл шаруашылығы саласында 75 жемқорлық қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 125-ке жеткен. Аталған қылмыстық істер бойынша 76 адам айыпталған. 62 қылмыстық іс сотқа жіберіліп, 20 адам сотталған.

«Әсіресе мемлекеттік сатып алулар мен рұқсат беруде, субсидияландыруда қаражат жымқыру, пара алу, өз қызметін асыра пайдалану фактілері жиі кездеседі. Елді ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға және әкелуге заңсыз рұқсат берілген. Осылайша, сантарлық талаптарға сай келмейтін сатылуына жол берілген», - деді Д. Бекайдаров.

Оның айтуынша, шенеуніктің кәсіпкерлермен тікелей қарым-қатынасы сыбайлас жемқорлықтың бір себебі болып отыр.

«Сондықтан, ветеринарлық бақылау мен қадағалау жүйесіне ашықтық пен қоғамдық бақылау механизмін енгізіу қажет. Рұқсат беру бойынша ведомстволық комиссия құрылып, өтінімдер тек қана жлектронды түрде берілуі тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту қажет», - деді тергеуші.

Соңғы жаңалықтар