Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер қалаларға қалай кіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Көктемгі дала жұмыстарын бастаған шаруалар барлық жанар-жағармай мен тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемдегі ауыл шаруашылығының мәселелеріне баса назар аудару керек. Елдің оңтүстігінде қазірдің өзінде егін егу жұмыстары жүргізілуде (30% аяқталды). Басқа аймақтарда көктемгі дала жұмыстары бір ай ішінде басталуы тиіс. Фермерлер айналым қаражатымен, пестицидтер мен тыңайтқыштармен, сапалы тұқымдар мен жанар-жағармаймен қамтылуы керек. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру көлемі 3 есе артып, 170 млрд теңгеге жетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Сонымен қатар, Президент тезірек шешімдерді талап ететін проблемалар да туындайтынын еске салды.

«Ауыл шаруашылығының азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің карантиндік қалаларға үздіксіз кіруін қамтамасыз ету керек. Оларға жедел түрде «жасыл» аумақтар арқылы өткізу құжаты берілуі тиіс. Бұл көктемгі дала жұмыстарын бастайтын фермерлерге де қатысты мәселе», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар