+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидиялау саласындағы жемқорлыққа қарсы өз ұсыныстарын айта алады

2021 жылғы 14 маусым 16:53
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидиялау саласындағы жемқорлыққа қарсы өз ұсыныстарын айта алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет шалғын көбелекпен күреске жұмсалған шығынның 50 пайызын өтейді - ҚР АШМ Қазақстан мен Германия арасында климаттың ауыл шаруашылығына әсері талқыланды Ақтөбенің бірнеше ауданын шалғын құрт жайлап кетті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуді бастайды.

Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Ол үшін барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатын болады.

Халықпен кездесіп, жағдайды зерделеу үшін арнайы топтардың өңірлерге шығуы ұйымдастырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді.

Жұмыс тобының өкілдеріне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалдары мен еліміздің барлық өңірлеріндегі Агенттік департаменттерінің Antikor-орталықтары арқылы жүгіну мүмкіндігі де қарастырылған.

Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс арналары арқылы хабарласуды сұраймыз.

Агенттік ынтымақтастыққа және барлық бейжай қарамайтын азаматтарды қатысуға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT