Ауыл шаруашылығы өндірістің әлеуетіне қарамастан экономика өсімінің орташа көрсеткішінен қалып отыр - Қ. Тоқаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өндірістің ауқымды әлеуетіне қарамастан экономика өсімінің орташа көрсеткішінен қалып отыр. Бүгін Парламент Сенатында «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру заңнамалық реттеу және іс жүзіне асыру» атты парламенттік тыңдау барысында Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.

«Аграрлық сектор елдің жалпы ішкі өнімінің бар-жоғы 4 пайызына ғана қамтиды. Ал экономикада жұмыспен қамтылған жалпы адам санының 19 пайызы немесе 1,6 млн адам осы секторда жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында өнімділік деңгейі басқа салалармен салыстырғанда әлі де ең төменгі орындардан көтеріле алмай келеді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласының өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 5600 доллардан сәл ғана асты. Бұл еліміздегі орташа көрсеткіштен 3,5 есеге, ал дамыған елдердің көрсеткішінен әлдеқайда төмен», - деді Қ.Тоқаев.

Төрағаның айтуынша, осының өзі отандық аграрлық сектордың өндірісі басым жағдайда экстенсивтік факторлар есебінен қамтамасыз етіліп отырғанын көрсетеді. «Отандық аграрлық сектордағы өндіріс көлемінің артуы тиімді технологиялар мен қазіргі заманғы жабдықтарды кеңінен қолдану және ғылыми жетістіктерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіліп отырған жоқ», - деді спикер.

Соңғы жаңалықтар