Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып Ильхам Ахметов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Илхам Бақтыбайұлы Аметовтің заңгерлік және ветеринарлық білімі бар. Жапонияда ауыл аудандарын дамыту бағыты бойынша тағылымдамадан өткен.

Әр жылдары ветеринар-фельдшер, ветеринариялық дәрігер, шаруа қожалығы директорының орынбасары, АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметі мен өңірдің аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарды.



Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар