Ауыл шаруашылығы министрлігіне игерілмеген жерлерді тартып алу құзыреті беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар жаңа міндеттер жүктелмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылғандай, енді ведомствоға мына функциялар беріледі:

- Қазақстанның шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынастарын дамытуды қамтамасыз етеді;

- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындау;

- инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасайды және астық нарығын дамыту және оның тұрақтылығын сақтау жөнінде өзге де шаралар қабылдайды;

- ҚР заңнамасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасатын жер қатынастарын реттейді;

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;

- ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

- агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларға кредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

- бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

- мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою;

- егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар ҚР жер заңнамасын бұза отырып, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, онда оларды тоқтата тұрады.

Үкімет қаулысы 12 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Кейін Премьер-Министр қол қойып, құжат құқықтық-нормативтік актілер порталында жарияланған соң 10 күн өтіп, күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар