+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитеті құрылмақ

2020 жылғы 14 шілде 12:07
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитеті құрылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкіметке өз ведомствосына қарасты Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитетін құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар құс тұмауына алаңдаушылық танытты Панфилов ауданында жүгері жинау науқаны басталды Павлодар облысында картоп бағасының маусымдық өсуіне жол бермеу әдісі табылды

«Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруға қатысты сыртқы нарықтардың конъюнктурасы зерттеледі. Көлік шығындарын субсидиялаумен қатар, экспорттық өнімді сертификаттауға жұмсалған шығынға өтемақыны енгізу, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімін жылжытудың жаңа тиімді маркетингтік құралдарын енгізу мәселесі пысықталады. Импорттаушы елдердің нарықтарына егжей-тегжейлі шолу жасай отырып, «экспорттық гидтердің» үлгілік жүйесін енгізу жоспарланып отыр», - деді Сапархан Омаров Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде бірыңғай саясатты қалыптастыру үшін тиісті функциялар мен қажетті штат санын белгілеу керек.

«Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитетін құруды ұсынамыз. Сондай-ақ, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың келесі кезеңге арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасында Шикізат және өңдеу салаларын дамыту жөнінде бірыңғай тәсілдеме көзделетін болады», - деді ол.

Аян Бекенұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT