Ауыл шаруашылығы министрлігінде кеңейтілген мәжіліс өтті

None
None
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтің төрағалығымен онлайн желіде «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және оның аймақтық органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуі туралы» кеңейтілген мәжілісі өтті,

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мәжілісте «Нұр Отан» ХДП, Бас прокуратура, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ облыстық, Алматы және Астана қалаларының аймақтық инспекцияларының және Ауыл шаруашылығы министрілігіне қарасты ведомстволық ұйымдардың басшылары қатысты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аманның айтуынша, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес министрліктің негізгі мақсаты - еліміздің аграрлық саясатты әлеуетін жоғарылату жұмыстарымен қатар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін, оның бастапқы себебін жою керек. Бұл орайда мемлекеттік қызмет көрсету жұмысында жүйе өзгерістердің болуын қамтамасыз ету, мүмкіндігінше рұқсат беретін шараларды азайту, келісу, лицензиялау, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру қажет.

Аталған нәтижелерге қол жеткізу және «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық кеңесінің қаулысын іске асыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны орындауда. Осылайша сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін Қоғамдық кеңес құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру тақырыбына семинарлар өткізіліп, сондай-ақ сенім телефондары жұмыс істеуде, ішкі бақылау қызметінің белсенділігі арттырылуда.

Министрліктің таратқан ақпаратына сәйкес, өткен жылы министрліктің барлық құрылымдарында сыбайлас жемқорлық фактілерге орай 62 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылып, оның ішінде 31 қызметкер жұмыстан босатылған, 12 адам қамауға алынған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман тәртіпті күшейту және қызметтік бабын асыра пайдалануын мүмкіндігінше азайту үшін жүйелік шараларды одан әрі қабылдау керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар