+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақтөбелік фермерлердің наразылығына пікір білдірді

2019 жылғы 6 қараша 12:30
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығы министрлігі ақтөбелік фермерлердің наразылығына пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің митингісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалық белсенділер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митингке шықты Митингіге баламен барғандарға жауапкершілік күшейтілмек Аружан Саин балаларды митингке алып шықпауды сұрады

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген вице-министр ақтөбелік фермелер алдындағы субсидия бойынша қарыздың қайдан шыққанын түсіндіріп берді.

«Мәселе ең алдымен жоспарлауға байланысты. Өйткені, қаражатты есептеуге адамдардың саны негіз болған еді. Алдағы үш жылдық бюджетте есептеу жүйесін өзгертеміз, өңірдің өңірлік ішкі өнімін аламыз және бұл мәселені ескереміз. Жоспардан артық өндірілуі - бұл жыл сайынғы тәжірибе. Өндіріс те солай, еселеп асып кетуі мүмкін. Бірақ, бюджет мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті қарыз өтпелі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, субсидияға өтінімді тікелей әкімдіктер береді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі ол өтінімдерді қарайды.

«Олар өнімді шығарып, қазіргі уақытта сатты. Енді олар шығарылған өнімге өтемақы алғылары келеді. Бұл шығыстар келесі жылдың бюджетінен өтелетін болады. Екі ай ғана уақыт қалды, қаңтарда біз ақша аламыз. 2020 жылы қарыз бойынша төлейтін айырманы бюджетті нақтылау барысында ескереміз», - деді Р.Құрманов.

Вице-министрдің дерегінше, ақтөбелік фермелер алдындағы қарыз - 4 млрд теңге. Ал жалпы еліміз бойынша мұндай қарыз сомасы 36,8 млрд теңге.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қараша Ақтөбе облысында фермерлер митингіге шықты. Олар Ресейдің шекаралас өңірлерінен мал әкелуге салынған тыйымға наразылық танытып отыр. Сонымен қатар ол «Ырыс» және «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша субсидия төлеудің кешігуіне алаңдаушылық танытуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT