Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені саласында 21 рұқат беру құжатын алып тастауды көздеп отыр

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеп жатқан заң жобасы бойынша алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешені саласында 21 рұқсат беру құжатын алып тастау көзделеді.

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарымен кездесуі барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлім етті.

Аталған заң жобасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесе әзірленуде. Заң жобасы рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыруды көздейді. Осыған орай, қолданыстағы 86 рұқсатнама құжаттарының 21-і алынып тасталып, 5 рұқсат құжаты нұсқамалық тәртіпке көшеді. Атап айтқанда, өсімдіктерді қорғау мен карантині саласында - 5 құжат, орман және аң шаруашылығында - 10 құжат, балық шаруашылығында - 5 құжат, тұқым шаруашылығында - 1 құжат, биоотын өндірісі саласында 2 рұқсатнамалық құжат қолданыстан алынып тасталады.

«Қазіргі уақытта Сенаттың қарауына екі заң жобасы енгізіліп отыр. Оның бірі асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелерін қамтыса, екіншісі орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты болып табылады», - дейді А. Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар