Ауыл шаруашылығы министрлігі 2012 жылдың субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізбек

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау тетіктерін жетілдіру,

сонымен қатар бюджет қаражаттарын бөлудегі мөлдірлікті қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2012 жылдың субсидиялау туралы ережелеріне тиісті өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленіп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Ережелерді әзірлеу барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, саладағы одақтардың және де агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларының пікірін білген маңызды. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі министрліктің ресми сайтында бұл бағыттағы жобалармен танысуға шақырады. Мүдделі қызығушылық танытқан тарап өздерінің пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын 11 желтоқсанға дейін бере алады», - делінген баспасөз айғағында. Бұл мақсатта ереже жобалары бойынша министрліктің сайтында арнайы форум ашылған.

Соңғы жаңалықтар