USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығы министрі ұн өндіру көлемі төмендегенін айтты

2021 жылғы 30 қараша 11:05
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығы министрі ұн өндіру көлемі төмендегенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 29 жоба пайдалануға берілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жаңа жобаларға 8,3 трлн теңге инвестиция тартылады Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспарында қандай жобалар қамтылған Еліміздің батысындағы 4 облысты дамытудың кешенді жоспары қабылданды

«Ағымдағы жылдың 10 айында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,6%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады. Есептік кезеңде тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 5,9%-ға ұлғайып, 81,8 млрд теңгені құрады. Заттай мәнде ағымдағы жылдың 10 айында жарма өндіру көлемі 5,3%-ға, крахмал өнімдерін өндіру көлемі 18,7%-ға, жеміс және көкөніс шырындарын өндіру көлемі 2,8%-ға, қант өндіру көлемі 2,6 есе, қышқыл сүт өнімдерін өндіру көлемі 5%-ға, сары май өндіру көлемі 9%-ға артты», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ұн өндіру көлемі 4,5%-ға, өсімдік майын өндіру көлемі 3%-ға, шұжық өнімдерін өндіру көлемі 0,4%-ға төмендеді.

«Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 29 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде жалпы қуаты 34 мың тонна ет өңдеу бойынша 6 жоба, жаңғырту және құрылыс есебінен жалпы қуаты 96 мың тонна сүт өңдеу бойынша 10 жоба, 530 мың тонна майлы дақылдар өңдеу бойынша 3 жоба және жылына 200 мың тонна бидайды тереңдете өңдеу бойынша 1 жоба, жалпы қуаты 23,5 мың тонна макарон және жарма өнімдерін өндіру бойынша 3 жоба іске қосылды. Бүгінде инвестициялық жобалар пулында шамамен 100 жоба бар. Бұлар - өндірістің қосымша өсімін және тиісінше экспорттың қосымша көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өңдеу жөніндегі жаңа жобалар. Бұл сайып келгенде, өңделген өнімнің экспортын ұлғайту бойынша қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT