Ауыл шаруашылығы министрі мақта алқаптары неліктен азаятынын түсіндірді

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдегі мақта алқабының неліктен азайтылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдыңғы Үкімет отырысында бұл туралы толық баяндаған едім. Биыл мақта алқабын 6 мың гектарға азайтамыз. Бұл - Ауыл шаруашылығы министрлігінің ылғал сүйгіш өсімдіктерге қатысты саясаты. Оның экономикалық себептері де бар, мәселен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бір гектар мақта алқабынан 200-250 мың теңге табыс табады. Сол гектарға жүгері еккенде 500-550 мың теңге пайда табар еді», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрі елдегі мақтаның негізінен экспортқа жіберілетінін айтты.

«Өткен жылдары оның бағасы арзандады, енді нарық пен сұраныс жағдайына қараймыз», - деді министр.

Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы мен қандай дақылдар егілетінін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар