+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығы министрі қоймалардағы азық-түлік қоры туралы айтып берді

2020 жылғы 16 наурыз 13:38
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығы министрі қоймалардағы азық-түлік қоры туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қоймалардағы азық-түлік қоры туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтарға шілдеде азық-түлік пен өзге де қажеттіліктер үшін 5,4 млрд теңге аударылды

«Бүгінде Қазақстанда азық-түлік жеткілікті, яғни жағдай тұрақты. Қазіргі кезде сауда желілері мен қоймаларда өнімнің қажетті деңгейінде болуына қатысты күн сайын мониторинг жүргізудеміз. Егер де кейбір тауарлар жетіспесе, жеткіземіз. Мысалы, Маңғыстау облысында қандай да бір көлемде тауар қажет болса, біз оны жедел түрде жеткіземіз», - деді министр Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі еліміздегі қоймаларды азық-түлікпен толықтыру жұмыстары жалғастыруда.

«Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері елімізге бір жылға жетеді. Қазір қоймалардағы көлем 5-6 айға жетеді. Сонымен бірге, бүгінде өндірістер жұмыстарын жалғастырып жатқанын ұмытпау керек. Тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар тауарлар көлемін үнемі толықтырып тұрады», - деді Сапархан Омаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауыл шаруашылығы министрі негізгі азық-түлік тауарларының 29 түрі бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT