Ауыл шаруашылығы министрі көкөніс бағасы 30-100 теңгеге дейін арзандағанын айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы көкөніс жинау жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір елімізде көкөніс жинау жалғасып жатыр. 22 қыркүйектегі жағдай бойынша 1,3 млн тонна пияз, шамамен 2,4 млн тонна картоп, 348 млн тонна сәбіз және 470 млн тонна қырыққабат жиналды. Бүгінде көкөніс бағасының арзандауы байқалып отыр. Мысалы, көкөніс өсіруші өңірлерде пияз бағасы 30-50 теңге, картоп 95-100 теңге, сәбіз 85-100 теңге және қырыққабат бағасы 50 теңге тұрады», - деді Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жоғарыда аталған бағаны өндірушілердің өздері қойып отыр.

«Көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу және қыста, көктемде тапшылыққа тап болмау мақсатында өңір әкімдіктерімен келісімшарт жасалып, қор жинау жұмысы жүріп жатыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар