+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауға арналған салалық бағдарлама қажет - сенатор

2019 жылғы 21 қараша 15:45
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауға арналған салалық бағдарлама қажет - сенатор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ауыл шаруашылығы машинасын жасауға арналған салалық бағдарлама әзірлеу қажеттігі айтылды. Осы орайда сенатор Әбдәлі Нұралиев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрі: 12 жылдық жүйеге көшуде асығыстық болмайды Асхат Аймағамбетов педагог даярлайтын ЖОО-ларда қандай өзгеріс болатынын айтты Сенат: Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды

«Республикамызда агроөнеркәсіптік кешенін техникалық қолдау саласында министрліктің алдында күрмеуі күрделі, өзекті міндеттер тұр. Мәселені жан-жақты шешу үшін отандық ауыл шаруашылығы машина жасау саласын қайта жаңарту және агроөнеркәсіптік кешенінде инженерлік-техникалық қолдау жүйесін дамыту мақсатында салалық бағдарлама қажет деп санаймыз», - деді сенатор.

Осы орайда депутат салалық бағдарламада шаруалар үшін техника алуға қарастырылған мемлекеттік субсидиялаудың деңгейін 25-тен 50 пайызға дейін көтеруді, лизингке берілетін техникаларға алдын ала төлемдер көлемін 25-тен 10 пайызға дейін төмендетіп, мерзімін 10 жылға дейін ұзартуды қарастыратын нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Әбдәлі Нұралиевтің сөзіне қарағанда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы паркінің негізгі түрлері: 147,3 мың трактордан, 35,5 мың астық жинаушы комбайннан, 3,9 мың егу кешендерінен, 79,5 мың тұқымсепкіштен, 14,8 мың дестелегіштен тұрады.

«Бұл дегеніміз, 1990 жылдармен салыстырғанда Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының саны 2 есеге кем. Фермерлердің қолданыстағы техникалары басым көпшілігінің тозығы жеткен, қызмет көрсету мерзімі әлдеқашан шыққан. Дәлірек айтсақ, тракторлар мен комбайндардың тозуы 80%-ды құрайды. Олардың ішінде пайдалану мерзімі 15 жылдан жоғары тракторлар – 79 %; комбайндар – 54 %; тұқымсепкіштер – 86%-дан астам», - деді сенатор.

Осы орайда ол техникаларының жетіспеушілігі, қолда бар жабдықтардың тозу деңгейі жер өңдеуде агротехникалық шаралардың мерзімінде атқарылмауына, өнімнің сапасына және көлеміне әсер ететінін атап өтті. Бұл өз кезегінде фермерлердің еңбек өнімділігін төмендетеді және мұнай өнімдерін ұтымсыз тұтынумен байланысты қосымша шығындар береді.

«Мамандардың есептеуінше, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру деңгейінің төмендеуінен еліміз жыл сайын 3 миллион тоннаға жуық өнім жоғалтып отыр. Ауылшаруашылық техникасының (егу кешендерінен басқа) негізгі түрлерін жаңарту қарқыны да төмен. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алудың орташа жылдық көлемі 80 млрд теңге, оның ішінде отандық өндіріс 20,5 млрд теңге», - деді депутат.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT