Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4,1 млн гектар жер банктердің кепілінде тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4,1 млн гектар жер банктердің кепілінде тұр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екінші деңгейдегі банктердің мәліметтеріне сәйкес, бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 2 661 жер учаскесі, оның ішінде шартты жер үлестері есебінен қалыптастырылған, жалпы ауданы шамамен 4,1 млн гектар жер кепілде тұр. Жер учаскелерін қамтамасыз етуге арналған кредиттердің ағымдағы берешегі 1 213 млрд теңгені құрайды», - деп атап өтеді Үкімет башсысының бірінші орынбасары.

Жалпы, оның атап өтуінше, жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрында ескеріледі. Бұл ретте азаматтарға тиесілі және кредиттер бойынша кепілге берілген шартты жер үлестері есебінен қалыптастырылған жер учаскелерінің саны туралы ақпарат жер кадастрында жоқ. 2005 жылға дейін жер заңнамасының ережелеріне сәйкес шартты жер үлестеріне құқық иелеріне жер учаскелерінің меншік иелері (жер пайдаланушылар) не шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатысушылары мәртебесіне өту мүмкіндігі берілді. Жер кодексінің өтпелі ережелеріне сәйкес бұрын өздеріне тиесілі құқықты жалға берген шартты жер үлесіне құқық иелері бұл құқықты 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асыруға міндетті болды.

«Бүгінгі күні шартты жер үлестеріне құқықтарды ұстаушылар жер учаскесіне құқықтарды негізінен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе шаруа қожалығын дербес (біріккен) жүргізу не өндірістік кооперативтерге жарна ретінде салу жолымен іске асырды. Осылайша қалыптастырылған жер учаскелерін Жер кодексінің 79-бабына сәйкес шаруашылық серіктестік кепілмен қамтамасыз ету ретінде банкке бере алады. Қатысушылар шаруашылық серіктестік құрамынан шыққан жағдайда оларға жер учаскелерінің үлестерін қайтару тәртібі заңнамалық реттелген», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар