Ауыл шаруашылығы қызметкерлері Н. Назарбаевтың ҚР Президенті сайлауына қатысатындығы жөніндегі шешімін қуаттайды - Ақмола облысы (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті сайлауына қатысатындығы жөніндегі шешімін қуаттайды.

Бұл туралы бүгін Көкшетаудағы "Достар" мәдениет сарайында өңірдегі ірі шаруашылық жетекшілері, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, облыстық, салалық құрылымдар қызметкерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Шара барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д. Таласбаев, «Есіл-Агро» ЖШС директоры А. Есмағамбетов, Сандықтау ауданындағы «Сандықтау» ЖШС директоры Ж. Мұсханов, Еңбекшілдер ауданындағы «АгроҚызылҰйым» ЖШС директоры Х.Абсаматов, ауыл шаруашылығы саласының ардагері А. Карташов, ауыл шаруашылығы басқармасының жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Нұрғасымұлы, Бұланды ауданындағы «Никольск» ЖШС директоры Қ. Жанәділов Елбасының бүгінгі күнгі жүргізіп отырған салиқалы саясаты мен ұшан-теңіз жұмыстары жайлы кеңінен айтып берді.

Дөңгелек үстелге жиналғандар бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауға қатысатындығы жөніндегі шешімін қолдап, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері қауымдастығы және өңірдегі ірі шаруа қожалықтарының жұмысшылары атынан Үндеу жолдады.

Үндеуде "Біз Ақмола облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қауымдастығы және ірі шаруа қожалықтарының жұмысшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті сайлауына қатысатындығы жөніндегі шешімін бірауыздан қолдаймыз. Бүгінгі әлемдік экономикадағы тұрақсыздық және негізгі экспортты тауарлардың бағасының құлауы кезінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласы халықты жұмыспен қамтуда, іскер белсенділіктің қызығушылығын туғызуда және нарықты өз өнімімізге толтыруда негізгі "діңгек" болмақ.

2014 жылы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан ауыл шаруашылығы құрылымдары 2,4 триллион теңгенің өнімін өндірді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу саласында инвестиция 16,5 пайызға, отандық өнімнің 3 пайызға өскені қуантады. Бұл "Агробизнес -2020" бағдарламасының алғашқы нәтижелері.

Өзіміздің тағамдық өнеркәсіпті дамытуда келесі қадам "Нұрлы жол" бағдарламасының қаржылық қолдауы болмақ. Еліміздің ауыл шаруашылығы саласының бәсекелестікке төтеп бере алатындығын арттыру, жаңа технологияларды игеру, экспорттық нарыққа шығу тектен тек айтылып отырған жоқ. Біз бұл белестерді де бағындыратындығымызға толық сенімдіміз.

Сондықтан, біз бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті сайлауына қатысатындығы жөніндегі шешімін қуаттаймыз", делінген.

Соңғы жаңалықтар