Ауыл шаруашылығы ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болып қала береді - Елбасы

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ауыл шаруашылығы ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болып қала береді. Бүгін тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің республикалық форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Халқымызда «Ауыл - ат байлар асыл қазынамыз» деген қанатты сөз бар. Расында да, ауыл біздің қастерлі қазынамыз, тіршілік тынысымыз, киелі алтын тамырымыз болып табылады. Біз индустриялық-аграрлық елміз. Яғни, ел экономикасының екі басым бағыты бар. Бұл - индустрия және аграрлық сала - екеуі де бірдей. Ауыл шаруашылығы қашан да ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай қала береді де», - деді Елбасы. Сонымен қатар, Президент ауыл шаруашылығын дамыту арқылы 7 мыңға жуық ауыл өркендейтінін, халқымыздың жартысына жуығы тұратын мекендерге жақсылық жасалатынын атап өтті.

«сондықтан да, біз бұл салаға тәуелсіздік жылдары көп қаражат бөліп келеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауыл шаруашылығы алапат дағдарысты бастан өткерді. Дегенмен, бұл қиындықтарды жеңіп, ауқымды жаңғыру арқылы қарыштап, дамыдық. Жасампаздықтың 20 жылдығында ауылдың еңсесін тіктеп, өнеркәсіпті өрге сүйреттік. Біздің дұрыс жолды таңдағанымызды уақыттың өзі дәлелдеді», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар