Ауыл шаруашығы кооперативтерінде 8 мыңға жуық адам еңбек етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Energyprom.kz ресурсының хабарлауынша, Қазақстанда 3000-нан астам ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді.

2021 жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Қазақстанда 3030 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Яғни, бір жылдың ішінде 124 кооператив жаңадан құрылды деген сөз. Аталған 3030 кооперативтің төрттен бірі (724) Түркістан облысында құрылған. Одан кейін Жамбыл (285) және Шығыс Қазақстан (281) облыстары тұр.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны бойынша Нұр-Сұлтан (6) және Алматы (8) мегаполистері көш соңында. Құрғақшылықтан зардап шегіп жатқан Маңғыстау облысында 21 кооператив бар. Маусым айының соңындағы мәлімет бойынша, осы кооперативтерде 7,9 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бір жылда 3% өскен. Оның ішінде 7,8 мың адам кооперативтің тұрақты қызметкері болса, 81 адам басқа ұйымдардан қосымша жұмысқа тартылған. Жұмысшылардың 516-сы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істеп жүр. Бірақ олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 3,4 есе азайды», - деп жазады Energyprom.kz.

Сайттың мәліметіне сүйенсек, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамында 603 заңды тұлға бар: 498 шаруашылық серіктестік, 1 акционерлік қоғам, 104 басқа ұйымдық-құқықтық нысан.

«Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына 22,8 мың жеке кәсіпкер мен шаруа қожалық, 27,4 мың қосалқышаруашылық кіреді», - делінген аналитикалық материалда.


Соңғы жаңалықтар