«Ауыл» партиясының жаңа төрағасы сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI съезінде партияның жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа төраға ретінде партия төрағасы Әли Бектаев қайта сайланды. Сонымен бірге, партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Съезд делегаттары «Ауыл» ХДПП Саяси кеңесінің 2015-2019 жылдары атқарған жұмыстарының есебі бойынша баяндаманы тыңдады. Онда партияның бағдарламалық мақсаттарын орындаудағы қызметі, атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды, партияның өңірлік филиалдарының жергілікті жерлердегі агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік сала, ғылым және өндіріс мәселелері бойынша жұмыстары талқыланды.

Айта кетейік, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы осыдан төрт жыл бұрын Қазақстан социал-демократиялық партиясы мен Қазақстан патриоттар партиясының бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазіргі таңда еліміздің 14 облысы және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында саяси ұйымның 17 филиалы жұмыс істейді. Бұдан бөлек 188 қалалық және аудандық партия ұйымында 500 бастауыш партия ұйымы бар. Партияның міндеті - фермерлер мен ауыл еңбеккерлерінің, барша қазақстандықтардың мүдделерін білдіру.

Соңғы ақпарат бойынша партияның 298 мыңнан астам мүшесі бар.

Соңғы жаңалықтар