«Ауыл» партиясының сайлауалды штабында жиын өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Ауыл» xалықтық-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды штабында жиын өтті. Онда президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың штабы 11 мамырдан жұмыс істей бастады. Республикалық қоғамдық штабтан бөлек, 17 аймақта 17 өңірлік штаб құрылған.

Штабта сайлауалды тұғырнамамен таныстырған Төлеутай Рақымбеков оның негізгі бағыттарына тоқталды. Құжатта негізгі мәселе агроөндірістік кешенді қарқынды дамытуға арналып, экономиканың өзге де бағыттарының өсуіне назар аударылады. Сонымен қатар, сайлау тұғырнамасында әлеуметтік саясат мәселесі де қамтылып отыр. Бағдарламаның үшінші бөлімі - ел дамуының сенімді негізі саналатын дәстүрлі және рухани құндылықтарды сақтауға арналса, төртінші бөлімі жастар саясатына бағытталған.

«Ауыл жастары арасындағы жұмыссыздықты ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету және ауыл үшін нақты өзекті дағдыларға оқыту арқылы жеңуді, сондай-ақ ауыл жастары үшін арнайы жұмыс орындарының банкін құруды, ауыл жастарын әлеуметтік тұрғын үй құрылысының ауқымын ұлғайту жолымен тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұсынамын. Ауыл жастары қалаға кетпеуі үшін бар жағдай жасалуы тиіс», - дейді кандидат Т.Рақымбеков.
null null null null null null null null null

Штабта өткен жиын барысында «Ауыл» партиясының жаңа мүшелері де таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар