«Ауыл» партиясының мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Еңбек озаттарының V форумын өткізді. Іс-шара барысында партия мүшелері мемлекеттік, ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы – Сенат депутаты Әли Бектаевтың атап өтуінше, Еңбек озаттарының форумы – бұл партия жыл сайын өткізетін дәстүрлі іс-шаралардың бірі. Жиында еліміздің дамуына айрықша еңбегі сіңген, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған партияластарға ерекше құрмет көрсетіледі.

«Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруіміз қажет. Қоғам ішінде жұмысшы мамандықтара оң көзқарас қалыптастырып, ауыл еңбеккерлерінің дәрежесін асқақтатуымыз керек. Елде еңбек адамы танымал болып, оған өзіндік орын белгіленуі тиіс деп есептейміз. Еңбекқор жандарды жоғары жалақымен, наградалармен және көптеген жеңілдік беру арқылы ынталандыруға міндеттіміз. Біз «Ауыл» партиясы ретінде еңбек адамының даңқын асқақтату бойынша әртүрлі бастамаларға арқау болуымыз керек, - деді партия басшысы.

Сонымен форум барысында Егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында партияның

139 мүшесіне наградалар табысталды. Атап айтқанда, «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ТМК директоры Серкебай Ережепов, «Құрмет» орденімен, «Бақдәулет» ШҚ директоры Жарқынбек Бөлендин, «Қостанай-астық» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Владимир Дранчук «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Сүлеймен» өндірістік кооперативі басшысының орынбасары Қайрат Келесіұлы мен «Пламя» шаруа қожалығының жетекшісі Евгений Рыжков «Шапағат» медалімен марапатталды. «Олжа» шаруа қожалығының жетекшісі Болат Бөгетовке Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы табысталды.

Мұнан бөлек партияның 40 мүшесіне ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медаль берілді.


Соңғы жаңалықтар