+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

«Ауыл» партиясының кандидаты ресми түрде тіркелді

2019 жылғы 6 мамыр 10:50
Бөлісіңіз:
 «Ауыл» партиясының кандидаты ресми түрде тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төлеутай Рахымбековке ҚР Президенттігіне кандидат куәлігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия мүшесі Ақылбек Ихдановтың айтуынша, өткен айдың соңында «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті ҚР Президенттігіне кандитат ретінде ұсынды. Осыған байланысты заң бойынша үміткердің барлық құжаттары тапсырылды. Лингвистикалық комиссия Т.Рахымбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Ал Орталық сайлау комиссиясы оны заңның барлық талаптарына сай келеді деп таныды.

«Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбековтің кірістері мен мүлкіне қатысты декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы бар. Оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды берілді. Бұдан бөлек, аумақтық сайлау комиссияларының президенттікке кандидат Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалар ұсынылды. Осы хаттамаларға сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлерінен 122 309 азаматтың қолы жиналды. Соның 120 754-ті расталды. Ал кандидат жинаған қолдардың қажетті саны кемінде 118 140-ті құрайды», - деп атап көрсетті А.Ихданов.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Төлеутай Рахымбеков 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде ресми түрде тіркелді. Бүгін оған кандидаттың куәлігі тапсырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT