+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Ауыл» партиясы жалпыұлттық сауалнама өткізеді

2020 жылғы 23 қыркүйек 14:06
Бөлісіңіз:
«Ауыл» партиясы жалпыұлттық сауалнама өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы «Ел аманаты» атты жалпыұлттық сауалнамасын жүргізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасы Қазақстанның аумағында өткізіледі. Сауалнамаға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарынан қоғамдағы саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелерді жинақтап, оларды шешу жолдарын айқындауға бағытталған. Жалпыұлттық сауалнаманың негізгі мақсаттары – әрбір азаматтың мүддесін қорғау, қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтап, тиісті үкіметтік органдарға жеткізу, еліміздің дамуы бойынша тұрғындармен пікір алмасу, ел тұрғындарымен тығыз байланыс орнату, сауалнама ұйымдастыру арқылы Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қоғамымызды дамытудағы өзіндік үлесін қосуына мүмкіндік беру, қоғам өміріндегі «Ауыл» партиясының саясатын қалыптастыру үшін өзекті де нақты ұсыныстарды ел тұрғындарынан жинақтау», - деді партияның орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейітжанов партияның астанада өткен саяси кеңесінің отырысында.

Ол сондай-ақ жалпыұлттық сауалнаманы өткізу шарттары туралы сөз қозғады. Қуаныш Сейітжановтың айтуынша, сауалнама 2020 жылдың 23 қыркүйегінен 25 қазанына дейін Қазақстанның барлық өңірінде жүргізіледі. Оған қатысу-қатыспау – әркімнің өз еркі.

«Түркістан қаласында «Ел аманаты» республикалық штабы құрылады. Штаб жоба аясында халықпен тікелей жұмыс істеп, дәстүрлі сауалнаманың жүргізілуіне мониторинг жасап, күнделікті есеп беріп отырады. Жалпыұлттық сауалнаманы өткізу шарттары «Ауыл» партиясының саяси кеңесінде бекітіледі. Сауалнаманы өткізу жолдары: біріншіден, есіктен есікке үлгісімен дәстүрлі түрде, екіншіден Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы, үшіншіден WhatsApp және Телеграм қосымшалары арқылы өткізіледі», - деді ол.

Оның айтуынша, сауалнамада ҚР Конституциясының құрылымын өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлтық, діни, тектік, рулық, топтық араздықтарды қоздыруға бағытталған сауалдарға орын берілмейді.

Сауалнаманың электронды платформасы – «Ауыл» партиясының Google Forms сервисі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT