«Ауыл» партиясы «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің» құрылуын қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз еліміздегі «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің» құрылуын қолдаймыз. «Ауыл» партиясы мұндай қоғамдық маңызы бар органның жұмысына өз үлесін қосуға қашан да дайын. Еліміздің тағдыршешті мәселелерін талқыға салатын «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі» сияқты маңызды құрылымның бастамаларынан тыс қалмауымыз керек», - деді Әли Бектаев съездің ашылуында.

Сонымен бірге, партия төрағасы «Ауыл» партиясы құрылымдық тұрғыдан күшейіп, аяғына нық тұрғанын атап өтті.

«Қазіргі таңда еліміздің 14 облысы және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында партиямыздың 17 филиалы жұмыс істейді. 188 қалалық және аудандық партия ұйымдарында 500 бастауыш партия ұйымдары бар», - деді Әли Бектаев.

Айта кетейік, елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезі басталды.

Съезд жұмысы аясында партияның төрағасы сайланып, Саяси кеңестің жаңа құрамы бекітіледі және партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар