«Ауыл» партиясы Петропавлда коммуналдық базарлар бойынша рейд ұйымдастырды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда «Ауыл» партиясының қамқорлығымен «Мерзімі өткен өнімдерге «жоқ» деп айтамыз!» акциясының аясында коммуналдық базарларда рейд ұйымдастырылды.

Партияның жастар қанаты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясы өкілдерінің басшылығымен қаладағы 10-нан астам ірі сауда үйлері мен коммуналдық базарларын аралап шықты.

Рейд барысында «Ауыл» партиясының өкілдері тауарлардың жарамдылық мерзімін тексерді. Соның қорытындылары бойынша дүкендердің бірінде балалар шырынының мерзімі бір айға өтіп кеткені анықталды. Партияның белсенділері аталған фактіні тіркеп, дүкен иесіне ескерту жасады, бұл ақпаратты жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жіберді, деп хабарлады «Ауыл» ХДПП-ның баспасөз қызметінен.

«Мерзімі өткен өнімдерге «жоқ» деп айтамыз!» акциясы өткен жылдың соңында басталған. Сол кезден бері партияның поштасына елдің барлық аймақтарынан мерзімі өтіп кеткен өнімдер туралы хаттар келген. 4 айдың ішінде Астана, Алматы, Қарағанды тұрғындарынан 20-дан астам хат түсті.


Соңғы жаңалықтар