Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

«Ауыл» партиясы өз үміткерін қолдау үшін форум ұйымдастырды

2019 жылғы 24 мамыр 15:21 463
Бөлісіңіз:
«Ауыл» партиясы өз үміткерін қолдау үшін форум ұйымдастырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында ҚР Президенттігіне кандидат Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған форум өтті. Бұл жөнінде «Ауыл» партиясының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар
Президент сайлауы заңнама талаптарына сай өткізілді - Серік Ақылбай Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президент сайлауына өз бағасын берді

Кандидаттың сенімді өкілдері А.С.Сапаров, С.А.Кешуов, С.И.Тәңірбергенов Төлеутай Сатайұлының еңбек жолымен таныстырып, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды.

Форум барысында жаңа замандағы ауыл өмірі, ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы, ауыл шаруашылығы өндірісінің техникалық жаңғыруы, жас мамандардың еңбекпен қамтылуы сынды өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғалды. 

Өз кезегінде студенттер қауымы жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беруді дамыту туралы пікір алмасты.
Сенімді өкілдер президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековты қолдап, 9 маусым күні өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталған болатын. ҚР Президенттігіне үміткер ретінде 4 кандидат тіркелді. Бүгінде кандидаттар өңір-өңірлерді аралап, үгіт-насихат шараларын белсенді жүргізуде. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT