«Ауыл» партиясы ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту мәселесін талқылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ауыл» партиясы етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту жайын талқылады. Партия мүшелері сарып ауруына қарсы вакцинаны тегін болуы керек деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы «АгрофермаКоквест» ЖШС базасында «Ауыл» партиясының көшпелі жиыны өтті.

Мұнда 900 бас ірі қара, 800-дей ұсақ мал бар. Меншігіндегі 32 мың гектар жердің 9 гектарына егін салса, қалғаны - шабындық пен жайылым.

«Ауылдықтар» тұтынушыларды сапалы етпен қамтамасыз ету және малға егілетін вакцинаның қолжетімділігі туралы айтты.

«Агроферманың қысқа дайындығын қарап, жүйелі жұмысты көрдік. Мұнда герефорд тұқымды сиыр бар. Мал басын арттыру үшін Ресейге барып жүргеніміз жасырын емес. Соңғы 4 жылда шекара жабық. Ірі қара арасындағы ауруға байланысты шектеу сол күйі сақталған. Осы мәселе шешілуі тиіс. Сондай-ақ ветеринария саласында бірнеше мәселе бар. Сарып ауруына қатысты вакцинация тегін болғаны жөн. Бірі екпе алуға қабілетті, екіншісінің қаржысы жетпей, ақсап тұр», - дейді «Ауыл» ХДПП Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Оразбек Далмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар