«Ауыл» партиясы еңбек озаттарының форумы өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Ауыл» партиясы еңбек озаттарының форумы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Форумды өткізудегі басты мақсатымыз партиямыздың саяси кеңесінің шешіміне орай өз мүшелерімізді марапаттау болып отыр. Жалпы, бұл - саяси партиялардың арасында бірінші рет өткізіліп отырған шара. Форумға ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген адамдарды шақырдық. Жиынымызға қатысушылардың 80 пайызға жуығын солар құрайды», - деді «Ауыл» партиясы  төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты шара барысында партия мүшелеріне «Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, сонымен қатар 100-ден астам адамға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі мен ведомстволық марапаттар табысталды.

«Бүгінде Қазақстан өз азаматтары үшін жауапкершілікті мойнына алған бірден-бір мемлекет саналады. Ал тұрғылықты халық өз кезегінде ортақ құндылықтар мен қоғам мүддесі үшін жауапты», - деп атап өтті марапаттау рәсімі барысында «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев.    

Соңғы жаңалықтар