«Ауыл» партиясы ақмолалық шаруаларға өз кандидатының бағдарламасын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» партиясы атынан президент сайлауына түсіп жатқан Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасы Ақмола облысында таныстырылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарлама бойынша, ауыл шаруашылығын қолдау әлемнің жетекші елдерімен тең болуы тиіс. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков бағдарламасындағы осы және өзге де тетіктер Ақмола облысының жұртшылығына таныстырылды.

«Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығы саласында осы өңірдің алар орны ерекше. Мәселен, бір ғана Ақкөл ауданында мыңдаған гектар шаруашылыққа жарамды жер бар. Енді оның әлеуетін толық пайдаланып, өңдеу өнеркәсібіне тың серпін беру керек. Осындай ұстанымды негізге алған Төлеутай Рақымбеков штабының басшысы өңірге сапарын шағын елді мекендерден бастады» делінген хабарламада.

Серік Балғазыұлы - осы аумақтағы ірі шаруалардың бірі. Қожалығында жүздеген жылқы мен мыңнан аса қой бар. Ерекшелігі сол - бұл кәсіпті оның үш баласы жалғастырып, ауқымын одан әрі кеңейтіп жатыр. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында осындй дәстүрлі шаруашылықты қолдауға шақырады. Сол арқылы жұмыссыздықты азайтып, жаппай урбанизацияға жол бермеуге болады дейді.

«Ауылдан көшіп келген тұрғындардың қалада қиындық көруі жиі кездеседі. Көбісі баспанасыз жүр. Көбісі жұмыссыз. Баласын балабақшаға беруге қиналады. Сондықтан, біздің кандидаттың бағдарламасында көрсетілгендей, ауылдың инфрақұрылымын дамыту керек», - деді президенттікке үміткер Т. Рақымбековтың республикалық қоғамдық штабының төрағасы Әли Бектаев.

Степногор қаласында өткен жиында үміткердің моноқалаларды дамытуға, қала мен ауыл арасын жақындатуға және баспана мәселесін шешуге қатысты бастамалары жан-жақты талқыланды.

Соңғы жаңалықтар