Ауыл оқушылары «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл мектептерінің оқушылары үшін «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшу жоспарланған. Бұл турал бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл мектептерінің көбісі бір ауысымда оқитын болғанның арқасында, оқушылары үшін «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшу жоспарланды. Ауыл балаларының дамуындағы ерекшеліктерін ерте анықтауға және оларды уақытылы қолдауға назар аударылады», - деді ол.

Министрдің дерегінше, бүгінгі таңда ауылда ерекше қажеттіліктері бар 58 мың бала арнайы көмекті қажет етеді.

«Ол үшін ауылда психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер мен түзету кабинеттерінің саны кеңейтіледі, қосымша орталықтарды ашамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар