Ауыл мешіттерінде жұма намазға жиналуға рұқсат берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына рұқсат етілді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында осындай ереже жарияланды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мешіттерде толымдыдығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген. 150 адамға дейінгі, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде, ауылды жерлерде ғана жұма намазына рұқсат беріледі», - делінген қаулыда.

Айта кетсек одан бөлек білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілген.

Осы қаулының орындалуын ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өзі бақыламақ.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар